Алматы облысының тұрғыны бақшасында 68 түп марихуана өсірген

Алматы облысының тұрғыны бақшасында  68 түп марихуана өсірген

Текелі қаласының 50 жастағы тұрғыны құрамында есірткі заты бар өсімдіктерді заңсыз өсірумен айналысқан.
«Жедел-іздестіру іс-шараларының барысында жалға алған үйінің бақшасында марихуанаға ұқсас өсімдікті өсірген 50 жастағы жергілікті тұрғын анықталып, ұсталды. Күдіктіден 68 түп марихуана тәркіленді. Аталған дерекке қатысты Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 300 - бабына сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде» - деп хабарлайды Текелі қаласы Полиция бөлімі бастығының орынбасары полиция подполковнигі Рүстем Меркулов.
Жыл басынан бері облыс аумағында есірткі өсімдіктерін заңсыз өсірудің 10 дерегі анықталған. Ал тәркіленген есірткінің жалпы салмағы 100 килограмнан астам.

 

Алматы облысы ПД баспасөз қызметі