
Алматы облысы Полиция департаменті басшылығы суға кеткен ер адамды құтқарған жасөспірім наградталды. 4 маусым күні Алматы облысы ПД бастығы полиция генерал-майоры Серік Кудебаевтың бұйрығымен батып бара жатқан адамды құтқарып, ерлік көрсеткен «Арыстан» мамандандырылған лицейінің 11 сынып оқушысы Бейсен Мирас Рустамұлы марапатқа ие болды.
«Жас бала қауіпті жағдайда дұрыс бағамдап, ерлік көрсетіп, ағысы қатты өзенге түсіп, ер адамды өлім аузынан алып қалды. Тұйық, дегенмен жүрегінің түгі бар, азаматтық көзқарасы жоғары жас батыр болашақ құқықтық тәртіптің сақшысы ретінде ерлік ісін өзінің міндеті санайды. Мирастың ата-анасына осындай азаматты тәрбиелегені үшін, ал оқытушы құрамға курсатты ел патриоты, асқан жауапты және ел алдында міндетке дайындығы үшін үлкен алғысымызды білдіреміз»,- деп атап өтті облыстық ДП бастығының орынбасары полиция полковнигі Ораз Жолдасов.
Салтанатты табыстау рәсімі Талғар ауданы Полиция басқармасында өтті. Алматы облысы ДП бастығының орынбасары Ораз Жолдасов 2020 жылғы 3 маусымдағы №372 бұйрықты оқып, жас батырдың ата-анасына гүл шоғы мен «Алғы хатты» табыстады. Ал, ерлігімен көзге түскен жасөспірімге естелік таңбасы бар құнды сыйлық – атаулы қол сағаты табысталды.
Алматы облысы ПД баспасөз қызметі