Алматы облысының арнайы жасақ тәртіп сақшылары «Қамқордағы» балаларды мерекемен құттықтады

Алматы облысының арнайы жасақ тәртіп сақшылары «Қамқордағы» балаларды мерекемен құттықтады

Алматы облысы ПД Оқу-жаттығу взводының полицейлері «Балалар құқығын қорғау күні» мерекесіне орай «Қамқор» арнайы әлеуметтік көмек көрсету орталығына барды. Арнайы жасақ мүшелері ұжымымен орталықтағы балаларды мейрамдарымен құттықтап, оларға бағалы сыйлықтарын табыстады.
«Балалар күні» мерекесінде балалрға қуаныш пен күлкі сыйлау – біз үшін асқан бақыт. Бүгінгі әрекетіміз теңіздің тамшысындай ғана екенін білеміз, өйткені ата-ананың қамқоры мен мейірімінсіз өсіп жатқан балаларды көргенде жүрегің қан жылайды. Өйткені, әр бала ата-ананың махаббаты мен мейіріміне зәру. «Қамқор» арнайы әлеуметтік көмек көрсету орталығының ұжымына өте күрделі жұмыстары үшін алғысымды білдіремін»,- деді Алматы облысы ПД Оқу-жаттығу взводының командирі полиция подполковнигі Алмас Шпекбаев.
Сонымен қатар, Оқу-жаттығу взводының ұжымы үшін мұндай қайырымдылық шаралары таңсық емес, тұрақты түрде өткізілетін іс-шара екенін атап өткен жөн. Өйткені, тәртіп сақшылары халық арасында қызмет етіп, елдің қоғамдық тыныштығын қамтамасыз ететіні анық.

 

Алматы облысы ПД баспасөз қызметі