Алматы облысының полициясы : жол бөлігін белгіленбеген жерден өтетін жаяу жүргіншілер - жол қауіпсіздігіндегі басты қатер

Алматы облысының полициясы : жол бөлігін белгіленбеген жерден өтетін жаяу жүргіншілер -  жол қауіпсіздігіндегі басты қатер

Тек бір ай ішінде Алматы облысы орталығының жолдарында полиция қызметкерлері жаяу жүргіншілер жол берген 50-ден астам құқық бұзушылықты анықтаған. Олардың әрекеттері ҚР ӘҚбТК -ның 615-бабы бойынша саралануда. Бүгінгі таңда қала бойынша жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша мақсатты жұмыстар жүргізілуде. Басты тірек жаяу жүргіншілердің жолда жүру тәртібіне қойылуда. Сонымен қатар, жүргізушілер құрамының өтпе қиылыстары мен жаяу жүргіншілер жолында ережелерді сақтауына бақылау күшейтілді. Патрульдік полиция нарядтары адамдар көп шоғырланған , жол бөлігін белгіленбеген жерден өтетін азаматтар анықталған жерлерде кезекшілік етуде.
«Бұл істе біздің басты міндетіміз-жол жағдайын жақсарту және жол қозғалысына қатысушыларға ҚР Жол қозғалысы ережелерінде белгіленген талаптарды тағы да еске салу. Біз практикалық шараларға баса назар аударудамыз. Оң нәтижелер де бар», - дейді Талдықорған қалалық полиция басқармасының бастығы полиция полковнигі Асқар Нұрсапа.
Полиция қызметкерлері, жаяу жүргіншілердің қатысуымен орын алған, соңы өлімге әкелген оқиғалар, азаматтарға жол қозғалысының барлық қатысушыларының жалпы қауіпсіздігіне әсер ететін, жолдағы тәртіп туралы толық қанды ойлануға, саралауға мүмкіндік береді дейді.
Төрт ай ішінде Талдықорған жолдарында жаяу жүргіншіні қағып кеткен 22 дерек тіркелген, бұл оқиға салдарынан 3 адам қаза тауып, 21 адам жарақаттанған.
«Жаяу жүргіншілер-бұл жол қозғалысының толық құқылы қатысушылары, яғни ЖҚЕ мен әкімшілік заңнаманың талаптары оларға да қатысты. Өкінішке орай, бұл жауапкершілікті әрбір азамат сезінбейді және белгіленбеген жерден жол бөлігін жүгіріп немесе жаяу өту арқылы қылмыстық салғырттыққа жол береді. Белгіленбеген жерден жүріп өткен бір ғана құқық бұзушылық үшін, азаматтарға 2 АЕК мөлшерін құрайтын ең төменгі айыппұл салудан үш тәулікке дейінгі әкімшілік қамаққа алу түріндегі жаза қарастырылатынын еске саламыз»,-деп толықтырды Асқар Нұрсапа.


Алматы облысы ПД баспасөз қызметі