
Естеріңізге сала кетейік, бұл күндері патрульдік полиция қызметкерлері Талдықорған қаласының жолдарында ауқымды рейдтік іс-шаралар өткізуде. Осылайша, автопатрульдеу барысында "Лексус" маркалы көліктің қараңғыланғаны анықталды. Жол талғамайтын көлікті басқарған жүргізуші-50 жастағы А. есімді қала тұрғыны. Тәртіп бұзушылықтың айқын болуына байланысты ол өз кінәсін еш теріске шығармады. Көліктің алдыңғы есік және артқы алдыңғы әйнектері қараңғылау пленкасымен қапталған.
«Жүргізуші өзінің бұл әрекеттерін толық мойындады және оны бірден жоюға кірісті: инспекторлардың қатысуымен ол қараңғылау пленкаларын алып тастады. Ол бұл тәртіп бұзушылықты бірден жойғанымен, жүргізушіге қатысты хаттама толтырылды. Оқиға орнында тәртіп бұзушылық жойылмаған жағдайда, автокөлік айып тұрағына қойылады. Жүргізушіге ҚР ӘҚбТК-ның 590 бабы 5-бөліміне сәйкес айыппұл салынды. Сонымен қатар, алдағы уақытта заң бұзушылықтарға жол бермеу мақсатында түсіндірме жұмыстары жүргізілді»,-деп хабарлайды Алматы облысы ПД ЖПҚБ патрульдік полиция батальонының командирі полиция полковнигі Нұрлан Искаков.
Алматы облысының полициясы ҚР Жол жүрісі қағидаларының жүргізуші шолуын шектейтін заттарды орнатуға немесе көлік құралдарының әйнегіне жабынды немесе пленка салуға тыйым салатынын тағы да еске салады. Жол жүру ережелері ең алдымен қауіпсіздік үшін қажет.
Алматы облысы ПД баспасөз қызметі