
25 мамыр күні Ішкі істер және Ұлттық гвардия ардагерлер кеңесінің облыстық және қалалық төрағалары Қожақов Болат Ғұсманұлы мен Қартқожин Есімхан Есентайұлы облыстық Полиция департаменті мен Талдықорған қалалық Полиция басқармасының басшылығы, сондай-ақ барлық ардагерлер атынан мерейтой иелері-ардагерлер Цой Юрий Васильевичті 80 жылдық және Байқаш Тұрарбек Құмарұлы 70 жылдық мерейтойларымен салтанатты түрде құттықтады.
Құттықтау сөздерінде Юрий Васильевичтіңоблыстық медициналық қызметтің басшысы ретінде қызметкерлердің денсаулығының күзетінде 35 жыл тұрғанын атап өтті. Оның қызметін тәртіп сақшылары жоғары бағалап, сөздерін жандарына медеу тұтқан және ол науқастардың тезірек жазылуына білген-түйгенін аямастан еңбек еткен. Тұрарбек Құмарұлы Талдықорған облысы ІІБ әртүрлі лауазымдарда қызмет етіп, өзіне жүктелген міндетті асқан жауапкершілікпен атқарды. Оның талапшылдығы мен қағидатшылдығы, өзгелерге деген сыйласымдылығы беделін арттырып, ел құрметіне ие болды. Қос ардагер де мүлтіксіз қызметтері үшін көптеген наградаларға лайық. Мерейтой иелерін құттықтап, оларға ұзақ ғұмыр тіледі және медальдар табысталды. Балалық шағысоғыспен және соғыстан кейінгі қиын кезеңмен тұспа-тұс келген Ю. Цойға құттықтау грамотасы мен «Жеңіс» медалі, ал милиция генерал-майоры Ә. Болсамбековтің басшылығымен жұмыс жасаған Тұрарбек Құмарұлына атақты генерал бейнеленген естелік медалі табыс етілді.
Сыйлықтарға риза болған ардагерлер қамқорлық танытып, көңіл бөлген, құрмет көрсеткен Алматы облысы ПД басшылығы мен ішкі істер органдарының Ардагерлер кеңесіне шексіз алғысын білдірді.
Алматы облысы ПД баспасөз қызметі