
Бір сәтке кішкентай қызынан көзін таса қылған анасы қызын жоғалтып алған.
«Әйел өз бетінше іздеуді бастаған, алайда еш нәтиже шықпаған. 2-ықшамауданды патрульдеп жүрген "Бүркіт 258" патрулі шарасыз қалған ананы байқап, бүлдіршінді іздестіруді өз қолдарына алған. Нәтижесінде бір сағат ішінде қыз көрші шағынаудандағы жүру бөлігінің бойынан табылды. Кішкентай Айша аман-есен анасының қолына табысталды»,-дейді Қапшағай қаласы полиция басқармасының бастығы полиция майоры Манат Айтмуханбетов.
Өз кезегінде полиция қызметкерлері ата-аналарды балаларына қырағы және мұқият болуға шақырады.
Алматы облысы ПД баспасөз қызметі