
Естеріңізге сала кетейік, Алматы маңында орналасқан полиция тосқауыл-бекеттері штаттық негізде жұмыс істеуде. Күн сайын тосқауыл-бекеттерге 300-ден астам полиция қызметкері жұмылдырылады.
«Карантиндік шаралардың босаңсуына қарамастан, Алматы қаласының сыртқы периметрі әлі де мұқият бақылануда. Жұмыс ерекшелігі мен алдыға қойылған міндеттер ескеріле отырып, тосқауыл бекеттерге полицияның үздік және жауапты қызметкерлері түседі. Олар тек функционалдық міндеттерді орындап қана қоймай, сондай-ақ жоғары азаматтық позицияға ие болулары қажет»,-дейді Қарасай аудандық полиция басқармасының бастығы полиция полковнигі Асхат Данияр.
Оның жарқын мысалы, ювеналды полиция тобының инспекторы полиция капитаны Альфия Шейх. Альфияның анасы қызына үлкен үміт артады,бұл ана жүрегі қызының полиция қызметкері болу арманының орындалғанын атап өтті. Бекеттегі төтенше жағдай режимі басталғаннан сәттен басьтап кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі инспектор Альфия Шейх тосқауыл-бекетте қызмет етеді.
Полиция лейтенанты – патрульдік полиция ротасының инспекторы Есбол Ниязбаевтың анасы елімізге амандық пен барлық азаматтарға денсаулық және шыдамдылық тіледі.
Алматы облысы ПД баспасөз қызметі