2023 жылғы 26 қыркүйекте ПД ЕҚҚКБ қызметкерлері Алматы облысы бойынша ҰҚКД қызметкерлерімен бірлесіп, Шелек ауылының аумағында «Қарасора-2023» жедел-алдын алу іс-шарасын өткізу барысында тыйым салынған өсімдіктерді заңсыз өсіру фактісін анықтады.

Аталған дерек ҚР ҚК 300-бабының 1-бөлігі бойынша Еңбекшіқазақ ауданы ПБ-да тіркелді. Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында 59 жастағы жергілікті тұрғын ұсталды. Күдіктінің жер учаскесінде өсіруге тыйым салынған жарты тоннадан астам өсімдіктер тәркіленді.

Қазіргі уақытта қажетті сараптамаларды тағайындаумен тергеу әрекеттері жүргізілуде. Аталған жұмыстардың нәтижелері бойынша түпкілікті процестік шешім қабылданатын болады. Күдікті 1964 жылғы азамат УҰИ-қа қамаққа алынды.

ҚР ҚІЖК-нің 201-бабы шеңберіндегі өзге ақпарат жария етуге жатпайды. Есірткі қылмысының алдын алу шаралары менің тұрақты бақылауымда тұр.