
Тәртіп сақшылары өздерін таныстырып, қоғамдық орында алкоголь ішуге болмайтынын ескерткен, алайда ер адам заңды талаптарды елемей, билік өкілдеріне дөрекі сөйлеген.
Аталған дерек полицияда ҚР ҚК 378-бабы бойынша тіркелді (Билік өкілін қызметтік міндеттерін атқару кезінде қорлау).
Тексеру барысында полицейлер ер адамның жеке басын анықтады. Ол 1968 жылғы Шонжы ауылының тұрғыны болып шықты. Медициналық куәландыруға сәйкес ол орташа дәрежелі масаң күйде болғаны белгілі болды.
Ұйғыр аудандық сотының шешімімен К. есімді азаматқа 50 сағат қоғамдық жұмыстар мен әкімшілік айыппұл тағайындалды.