
Оның есімі Алматы облысы Полиция департаментінің ауласында орнатылған қызметтік міндеттерін атқару кезінде қаза тапқан ішкі істер органдарының қызметкерлеріне арналған гранит ескерткіште жазылған. Ескерткіш қасынан өткен әрбір адам батырларға өзінің құрметін әрқашан білдіреді.
«Олардың бірі - Емельяненко Александр Иванович. Ол 1977 жылы кезекшілікте болып, әріптестеріне шабуыл жасаған пистолетпен қаруланған қылмыскерді ұстау кезінде қаза тапқан. Өзінің жолдастарын құтқаруға және атысты тоқтатуға тырысқан полиция қызметкері еш қорқынышсыз қылмыскерге қарсы тұрған, алайда ол шабуыл нәтижесінде оққа ұшты. Александр Емельяненконың ерлігі ешқашан ұмытылмайды», - дейді Алматы облысы ПД Кадр саясаты басқармасы бастығының орынбасары полиция подполковнигі Руслан Боранбаев.
Жас старшинаның артында жұбайы Емельяненко Лидия Степановна мен оның екі баласы қалды. Отан қорғаушылар күні мен Ұлы Жеңіс Күні қарсаңында полиция қызметкерлері қызметтік міндеттерін атқару кезінде қаза тапқан ішкі істер органдары қызметкерінің отбасына барып, Лидия Степановнаға қызыл раушан гүл шоғы мен азық-түлік себетін табыс етті. Көңілі босаған Лидия Степановна, полицейлерге ұмытпай көңіл бөліп, көмек көрсеткендері үшін алғысын білдірді.
Алматы облысы ПД баспасөз қызметі