
Отан қорғаушылар күні мен Жеңістің 75 жылдығы қарсаңында полиция қызметкерлері қызметтік міндеттерін атқару кезінде қаза тапқан әріптестерін еске алып, олардың туған-туысқандары мен жақындарына ризашылықтарын жеткізіп, алғыстарын білдірді.
«Өкінішке орай, Тәуелсіздік жылдары қылмыспен күресуде қызметтік міндеттерін атқару кезінде 13 қызметкеріміз қаза тапты. Олардың бейбіт уақытта, жас шағында, өз жоспарлары мен үміттерін іске асырмай, халқы мен Отаны үшін жан тапсырғандарын сезіну өте қиын. Біз-қазіргі полиция қызметкерлері, сондай-ақ құқық қорғау саласының жас буыны осы батырларды ерлікпен еске аламыз. Олар үшін борыш, ар – намыс, әділеттілік пен ерлік ұғымдары - тек әдемі сөздер ғана емес, өмірлік іс те болды»,-деп атап өтті Алматы облысы ПД бастығы полиция генерал-майоры Серік Кудебаев.
Сонымен қатар, тәртіп сақшылары ерлікпен қаза тапқандардың туған-туыстары мен балаларын назарсыз қалдырмады. Департамент бастығының басшылығымен күні бойы батырлардың әріптестерінен құралған 5 топ өз қызметтік борышын орындау кезінде ерлікпен қаза тапқан 13 қызметкердің отбасына барып қайтты. Тәртіп сақшылары батырлардың жұбайы мен ата-аналарына алғыс білдіріп, оларға алғыс хаттар, гүлдер мен сыйлықтар табыс етті. Ал әріптестерінің балаларын кәдесыйлар мен ойыншықтармен қуантты.
«Біз Қазақстан Республикасы азаматтарының тыныштығы үшін өз өмірін қиған әрбір қаза тапқан полиция қызметкерінің бейнесін, игі істері мен ерліктерін жүрегімізде мәңгі сақтаймыз және ұмыт қалдырмаймыз. Олардың әрбір игі ісі мен әрекеттері ерлік деп бағаланды, ал олардың әрқайсысына құрмет білдірмеу кешірілмейді», - деп қорытындылады Алматы облысының бас полицейі.
Алматы облысы полиция қызметкерлері арасындағы ерлікпен қаза тапқандар туралы мәлімет :
- милиция сержанты Абдуллаев Мусрет Климентович, 1965 жылы 15 шілдеде дүниеге келген. Еңбекшіқазақ АІІБ қоғамдық қауіпсіздік бөлімінің учаскелік полиция инспекторының көмекшісі. Отбасы жағдайы – үйленген, 2 ұлы бар.
- полиция майоры Турдиев Турганжан Мажитович, 1962 жылғы 1 қазанда дүниеге келген. Еңбекшіқазақ ауданы ІІБ қылмыстық іздестіру бөлімінің аға жедел уәкілі. Отбасы жағдайы – үйленген, 3 ұл және 1 қызы бар.
- полиция майоры Жакупов Узак Саймасаевич, Еңбекшіқазақ ауданы ІІБ Шелек ПБ бастығының орынбасары. Отбасы жағдайы – үйленген, 2 қыз және 1 ұлы бар.
-полиция капитаны Иванов Виктор Семенович, 1962 жылы 4 қарашада дүниеге келген. Қарасай ауданы ІІБ жанындағы Каменный полиция бөлімінің аға инспектор-кезекшісі. Отбасы жағдайы – үйленген, 4 баласы бар.
- полиция старшинасы Жумадилов Манас Маканович ,1973 жылы 16 ақпанда дүниеге келген. Іле ауданы ІІБ жанындағы Боралдай полиция бөлімі кезекші бөлімі кезекшісінің көмекшісі. Отбасы жағдайы – үйленген, 2 қызы бар.
- полиция аға лейтенанты, Адилжан Едил Бакытулы , 1981 жылдың 30 қыркүйегінде дүниеге келген. Талғар аудандық ІІБ қоғамдық қауіпсіздік бөлімінің учаскелік полиция инспекторының көмекшісі болып қызмет атқарған. Отбасы жағдайы-үйленген, немересі бар.
- полиция аға лейтенанты, Алинов Алмас Иманаликович, 1975 жылы 15 сәуірде дүниеге келген. Алакөл ауданы ІІБ қоғамдық қауіпсіздік бөлімінің учаскелік полиция инспекторы. Отбасы жағдайы – үйленген, 2 қыз және 1 ұлы бар.
- полиция полковнигі Аскарбаев Айдын Тореханович, 1976 жылы 1 қаңтарда дүниеге, Алакөл аудандық ІІБ бастығы қызметін атқарған. Отбасы жағдайы – үйленген, 2 ұлы бар.
- полиция лейтенанты Таттибеков Галым Мухаметбекович, 1978 жылғы 11 желтоқсанда дүниеге келген. Қапшағай қаласы ІІБ қоғамдық қауіпсіздік бөлімінің учаскелік полиция инспекторының көмекшісі. Отбасы жағдайы-үйленген, ұлы мен қызы бар.
- полиция старшинасы Касенов Ермукаш Серікович, 1976 жылғы 8 желтоқсанда дүниеге келген.Сарқан ауданы ІІБ жедел кезекшісінің көмекшісі.
- полиция аға лейтенанты Керимбеков Ерлан Коксубаевич, 1966 жылы 14 шілдеде дүниеге келген. Райымбек ауданы ІІБ жанындағы Нарынқол полиция бөлімінің қоғамдық қауіпсіздік тобының учаскелік полиция инспекторы. Отбасы жағдайы – үйленген, 2 ұл және 3 қызы бар.
- полиция капитаны, Ахметов Ержан Боранбайевич, 1973 жылы 5 ақпанда дүниеге келген. "Арлан" ІІД арнайы мақсаттағы бөлімшесінің аға инспекторы. Отбасы жағдайы-үйленген, ұлы мен қызы бар.
- полиция капитаны Муртбаев Азамат Жанатулы, 1984 жылғы 10 маусымда дүниеге келген. ІІД Есірткі бизнесіне қарсы күрес басқармасының жедел уәкілі. Отбасы жағдайы-үйленген, ұлы мен қызы бар.
Алматы облысы ПД баспасөз қызметі