
Алматы облысында Отан қорғаушылары күні қарсаңында Алматы облысы Полиция департаментінің басшылығы мен қызметкерлері интернационал-сарбаздарды медальдармен наградтады.
«Олар Ауғанстанда өздерінің итернационалдық міндеттерін орындады. Ал олардың бірі Чернобыль трагедиясының салдарын жоюға қатысты. Бұл ержүрек тұлғалардың барлығы зейнетке шыққан милицияның бұрынғы қызметкерлері»,- деп атап өтті Талдықорған қалалық Полиция басқармасының бастығы полиция полковнигі Асқар Нұрсапа.
Атап айтқанда, «Жеңіс» естелік медалі ауған соғысының сарбаздары: милиция подполковнигі Дүйсенхан Жанаділұлы Махметовке, милиция подполковнигі Виталий Иваноич Ханинге, милиция майоры Қайрат Әлімбайұлы Сқақовқа, милиция старшинасы Саржан Ахметовке және Чернобыль апатының жоюшысы ішкі қызмет подполковнигі Бауыржан Төлжанұлы Мамырбаевқа ұсынылды.
«Жеңіс» естелік медалінің ауған соғысының сарбаздары мен Чернобыль апатының жоюшысына ұсынылуы олардың ерлік істерінің ешқашан ұмытылмайтынының белгісі. Олар Отан алдындағы өздерінің интернационалдық және қызметтік міндеттерін мінсіз орындады. Кез келген соғыс немесе халықтың қырылуына әкелетін апат шыдамдылық пен табандылықтың сынағы екені белгілі. Бұл адамдар сол сынақтан өтіп, Отанға аман-есен оралды және тәжірибелері арқылы өскелең ұрпақты патриоттық тәрбиелеуге үлес қосуда»,- деп толықтырды Талдықорған қаласы Ардагерлер кеңесінің төрағасы Есімхан Қартқожин.
Алматы облысы ПД баспасөз қызметі