Алматы облысындағы тосқауыл-бекеттерде карантиндік шаралар жалғасуда

Алматы облысындағы тосқауыл-бекеттерде карантиндік шаралар жалғасуда

Полиция қызметкерлері тәулік бойы азаматтардың карантин режимін сақтауын қамтамасыз етуде, оның ішінде санитарлық және тосқауыл бекеттерде бар.
Полицияда төтенше жағдай режимін бұзған құқық бұзушыларға ҚР ӘҚБК 476-бабына сәйкес жауапкершілік заңмен қарастырылғанын атап өтті. Төтенше жағдай енгізілген сәттен бастап Алматы облысында сот арқылы 317 құқық бұзушыға айыппұл салынып, 356 азамат әкімшілік қамаққа алынған, сонымен қатар, 1888 ескерту берілген.
Келу мен кетудің ерекше тәртібін бұзғаны үшін 339 хаттама толтырылып, карантин режимін бұзғаны және басқа да санитарлық-эпидемияға қарсы іс-шараларды өткізгені үшін 3427 материал ресімделген.
Белгілі бір жеке тұлғалардың белгіленген мерзімге белгілі бір жерден, пәтерден немесе үйден кетуге тыйым салынуын бұзғаны үшін 41 адам жазаланды.

 

Алматы облысы ПД баспасөз қызметі