Талдықорғанда тәртіп сақшылары жеті баласы бар отбасыға көмек көрсетті

Талдықорғанда тәртіп сақшылары жеті баласы бар отбасыға көмек көрсетті

Алматы облысында полиция қызметкерлері көпбалалы, аз қамтылған отбасыларға және көмек қажет адамдарға қол ұшын беру шараларын одан әрі жалғастыруда. Бұл жолы Мамандандырылған күзет қызметі басқармасының қызметкерлері жеті баланы өсіріп отырған көпбалалы отбасыға барды.

«Індеттің жаппай таралуына байланысты төтенше жағдайға орай көптеген отбасылар тұрақты кірістерінен айырылды. Әсіресе, көпбалалы отбасыларға өте қиын. Осыған орай, көптеген мемлекеттік органдар және өзгенің қиындықтарына бей-жай қарай алмайтын азаматтар ондай отбасыларға қолдан келгенше материалдық көмек көрсетуде. Бүгін біз жеті баласы бар үлкен отбасыға қол ұшын бердік. Ең қажетті азық-түлік жеткіздік және бұдан кейін де бұл отбасын қамқорлығымызға алу туралы шешім қабылдадық. Бұдан әрі отбасының жағдайын назарда ұстап, еліміздегі жағдайға қарамастан мүмкіндігінше көмектесетін боламыз»,- деді ҚР ІІМ Алматы облысы МКҚБ бастығы полиция подполковнигі Мейіржан Андабаев.
Сонымен қатар, «Біз біргеміз» бірлескен акциясы Криминалдық полиция, Тергеу басқармалары мен Алматы облысы Полиция департаментінің басқа да бөлімшелері тарапынан үлкен қолдау тапқанын атап өту қажет.

 

Алматы облысы ПД баспасөз қызметі