Алматы облысындағы блок-бекетте полицейлерге пара ұсынған ер адам ұсталды

Алматы облысындағы блок-бекетте полицейлерге пара ұсынған ер адам ұсталды

Алматы облысында тәртіп сақшыларына пара ұсынудың тағы бір дерегі әшкере болды. Ер адам блок-бекетте қызмет етіп тұрған полицейге 300 теңге пара ұсынды деген күдікпен ұсталды.
«Күдікті полиция қызметкеріне пара беру арқылы блок-бекеттен кедергісіз Алматы қаласына өтіп кетуді жоспарлаған. Дегенмен, Өзіндік қауіпсіздің басқармасының қызметкерлері жедел іс-шара барысында 37 жастағы Алматы облысының тұрғынын құрықтады. Алдын ала тергеу барысында ұсталған азамат полицейлерге бірнеше рет пара ұсынғаны және тәртіп сақшыларының ескертулеріне мән бермегені анықталды. Осыған орай, полиция қызметкері жедел топты оқиға орнына шақырған»,- деді Алматы облысы ӨҚБ бастығы полиция полковнигі Әсет Карменов.
Тексеру барысында үш мың теңге көлемінде қаржы табылып, тәркіленді. Күдіктіге қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 367-бабының 1-тармағына сәйкес пара беру дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды.

 

Алматы облысы ПД баспасөз қызметі