Алматы облысында тұрмыстық зорлық-зомбылық құқық бұзушылықтар көрсеткіші төмендеді

Алматы облысында тұрмыстық зорлық-зомбылық құқық бұзушылықтар көрсеткіші төмендеді

Төтенше жағдай жарияланғалы бері Алматы облысы аумағында тұрмыстық зорлық-зомбылық сипаты бар құқық бұзушылықтарды болдырмау мақсатында қолданыстағы заңнамаға енгізілген тиісті өзгертулерге байланысты 30 тұлға әкімшілік қамаққа алынды, 11 азаматқа ескерту жасалып, 2 адам айыппұл арқалады.
«Отбасылық қатынастарды дәріптеу, жанұядағы зорлық-зомбылықты болдырмау мақсатында көптеген жұмыстар атқаруда. Осылайша, жыл басынан бері облысымызда жанұядағы құқық бұзушылықтардың саны былтырғы жылмен салыстырғанда, отбасылық зорлық-зомбылық көрсеткіші 32 пайызға төмендеді»,- деп атап өтті Алматы облысы ПД Жергілікті полиция қызметі басқармасының әйелдерді зорлық-зомбылықтардан қорғау бойынша тобының аға инспекторы полиция майоры Алтынай Манбетбаева.
Полицейлер әлеуметтік көмек көрсету орталықтарымен, психологтармен және тиісті мамандармен бірлесіп, отбасында зорлық көрген әйелдер мен балаларға қолдау көрсетеді. Биыл отбасында зорлық-зомбылық көргендерге әлеуметтік көмек беру орталықтарына 7 әйел мен 14 бала жеткізілген. Аталған орталықта қызмет алушыларға жан-жақты психологиялық және құқықтық кеңестер беріледі.

 

Алматы облысы ПД баспасөз қызметі