
Қарасай ауданында кентаралық аумақтардағы және карантинге алынған "Асыл Арман" тұрғын үй кешенінің айналасында орналасқан жаяу бекеттермен қоса негізгі жеті тосқауыл-бекет жұмыс істейді.
«Аталған тұрғын үй кешені қазіргі уақытта біздің жіті бақылауымызда. "Асыл Арман" ТК аумағы маңында тәулік бойы полиция қызметкерлері мен әскери қызметшілер қызмет атқаратын 6 жаяу бекет қойылған. Күзет орындарына түсетін нарядтар тиісті бақылау және тексеру жұмыстарын және азаматтармен профилактикалық іс –шараларды жүргізеді. Сонымен қатар,карантин режимі кезеңінде қауіпсіздік шаралары мен барлық белгіленген ережелерді сақтауға шақырады» ,-дейді Қарасай ауданы полиция басқармасының бастығы полиция полковнигі Асхат Данияр.
Барлық бекеттерде тәулік бойы жүз тәртіп сақшысы қызмет атқарады. Сондай - ақ, жаяу нарядтар Алтын Орда базарының Солтүстік қақпасы мен Іргелі ауылындағы жаңа құрылыс бағытындағы Құрдас-7 базарының маңында қойылды.
Бүгінгі таңда Қарасай ауданындағы бекеттер : Жаңатұрмыс кентінің жоғарғы трассасы; Алтын орда базары; Алтын орда базары (батыс жағы); Кеміртоғанға бұрылыс (Ергелді кенті); Түрік бұрылысы; 71 разъезд; Ергелі ауылы Шұғыла көшесі, Алтын орда базарына кіреберіс; Абай көпірі; Алтын Орда базарының Солтүстік қақпасы мен Іргелі ауылындағы жаңа құрылыс бағытындағы Құрдас-7 базарының маңайларында орналасқан.
"Асыл Арман" тұрғын үй кешені айналасындағы тосқауылдаушы бекеттер ТК орталық кіреберісінде, барлық жағындағы кіру/шығу жолдарында (батыс, солтүстік, оңтүстік), сондай-ақ індетке шалдыққан тұлғалар анықталған үйлердің жанында қойылған.
«Құрметті азаматтар, карантиндік аймақ тұрғындары, сіздерді карантиндік режимді, қауіпсіздік және жеке бас гигиенасының барлық нормаларын қатаң сақтауға, сондай-ақ уақытша шектеулерге шыдамдылық танытуға шақырамыз», деп толықтырды полковник Асхат Данияр.
Алматы облысы ПД баспасөз қызметі