Тергеу басқармасының қызметкерлері ІІО ардагеріне құрмет білдірді

Тергеу басқармасының қызметкерлері ІІО ардагеріне құрмет білдірді

Алматы облысы Полиция департаменті Тергеу басқармасының қызметкерлері Ішкі істер органдарының барлық ардагерлеріне алғыстарын білдіреді. Олардың қатарында тергеу ісінің құрметті ардагері Шарафеева Малика Данияровна да бар.
Малика Данияровна Шарафеева милиция үздігі. Ол Ішкі істер органдарындағы еңбек жолын 1966 жылы Талдықорған қаласының ІІБ тергеушісі лауазымынан бастаған. Әр түрлі басшылық лауазымдарда қызмет етіп, Малика Данияровна милиция подполковнигі шенінде құрметті еңбек демалысына шыққан. Ардагер еңбек демалысында да әрқашан өскелең ұрпақпен бай өмірлік тәжірибесімен бөлісуде.
Жанға жылы атмосфера аясында тергеу ардагері қонақтармен өзінің жастық шағындағы, өмірлік жолындағы және қызметіндегі түрлі естеліктерімен бөлісті. Тергеу басқармасының қызметкерлері өз кезегінде Малика Данияровнаны тергеу күнімен құттықтап, ардагерге естелік сый мен гүл сыйлады.
«Біз тергеу ісінің негізін үйреткен алғашқы тергеуші-ұстаздарымызды ешқашан ұмытпаймыз. Тергеу бөлімшелері ІІО ардагерлеріне әрдайым үлкен құрметпен, сыйластықпен қарайды. Бүгін, ІІО - ның шынайы негізін қалаушы - барлық ардагерлерге шын жүректен алғыс айтамын және оларға зор денсаулық, табыс, жақсылық пен амандық тілеймін", - деп атап өтті Тергеу басқармасы бастығының орынбасары полиция полковнигі Руслан Чарапиев.
Кездесу соңында, тергеу ардагері Малика Данияровна ілтипат білдерген барлық азаматтарға алғысын жеткізіп, қызметтеріне табыс тіледі, сондай-ақ өскелең ұрпақтың тергеу ісі дәстүрін лайықты жалғастыратынына кәміл сенімін білдірді.

 

Алматы облысы ПД баспасөз қызметі