Алматы облысының Полиция департаментінде тәжірибелі тергеушілердің бірі қызмет етеді

Алматы облысының Полиция департаментінде тәжірибелі тергеушілердің бірі қызмет етеді

ІІО КӘСІПҚОЙЛАРЫ

Алматы облысының тәжірибелі тергеушілерінің бірі полиция полковнигі Болат Идиалов жиырмадан аса ауыр қылмыстық істі жүргізген.
Қазіргі таңда, Алматы облысы Полиция департаментінің Тергеу басқармасында 240-тан астам тергеуші жұмыс істейді. Олардың бірі-Идиалов Болат Идиалович. Жасы 40 –та, үш баланың әкесі, жас полковник.
«Қылмыстық іс бойынша деректерді жинау, оларды жүйелеу және сотқа ұсыну — тергеушінің бірінші кезектегі міндеті, оның қорытындысы бойынша ішкі істер бөлінісінің қызметі тұтастай бағаланады. ІІО-да қызмет ету барысында қылмыстық істердің түр-түрін, яғни жеңілінен ауырына дейін көрдім», - дейді полковник Болат Идиалов.
Бүгінде ол ерекше, ауыр санаттағы қылмыстық істермен айналысады. Жазадан қашып құтылдырмайтын деректерді мінсіз жинап, ұсынғаны үшін Болат Идиалов полковник атағы мен Ішкі істер министрлігі және облыс Полиция департаментінің басшылығы атынан көптеген марапаттарға ие болған.
Қызметкердің жеке ісінен: Полиция полковнигі Болат Идиалов 2001 жылы Қазақ мемлекеттік заң академиясын бітірген. Академияны тәмамдағаннан кейін Текелі қаласы ПБ анықтау тобының анықтаушысы лауазымына тағайындалады, онда 2005 жылға дейін анықтаушы, аға тергеуші лауазымдарын атқарады. Одан кейін Алматы облысы ПД ТБ тергеушісі қызметін атқарған. Мінсіз қызметінен кейін оны Алматы облысы ПД Тергеу басқармасы бастығының орынбасары қызметіне тағайындаған. Полковник Болат Идиалович бүгінде үздік тергеушілердің бірі және бірегейі.
Алматы облысы ПД баспасөз қызметі