Карантин? ... Бұл жайында естімедік: полиция капитаны Байзиханов ТЖ тәртібін бұзушылардың танымал ақталу жолдарын айтып берді

Карантин? ... Бұл жайында естімедік: полиция капитаны Байзиханов ТЖ тәртібін бұзушылардың танымал ақталу жолдарын айтып берді

Елімізде төтенше жағдайдың және бірқатар аймақтарда карантин режимінің енгізілуіне орай Алматы облысы Іле ауданы Боралдай кентінің полиция бөлімі бастығы полиция капитаны Бейбіт Байзихановтың жұмысы тосқауыл-бекеттермен тікелей байланысты.
«Күшейтілген карантинге қарамастан, әлі де полиция бекеттерінен өтпек болатын және тосқауыл-бекеттерді айналып жабық аумақтарға кіруге ұмтылатын азаматтар бар. Мысалы, Алматы қаласына бағыттанған карантинді бұзушылардың негізгі ағыны түрлі жолдармен Боролдай кенті арқылы өтпек болады. Осындай құқық бұзушыларды күн сайын , түрлі қиын жағдайларда, километрлеп жүгіру арқылы ұстауға тура келеді. Көбінесе, тәртіп бұзушылар құрылыстар арасымен қашып кетуге немесе сонда жасырынуға тырысады», - деп Іле ауданы Боралдай кентінің полиция бөлімі бастығы полиция капитаны Бейбіт Байзиханов өзінің қызметіндегі ерекше жағдаймен бөлісті.
Нәтижесінде, сот шешімімен ұсталған барлық тәртіп бұзушылар әкімшілік қамаққа алынуда.
«Алматы қаласымен шектесетін тосқауыл-бекеттерде біз тәулік бойы қоғамдық тәртіпті күзетеміз. 18 наурыздан бастап мен бірде-бір рет өз үйімде болмадым. Бұл жағдайға менің отбасым да түсіністікпен және құрметпен қарайды. Біз телефон арқылы тілдесеміз. Әрине, балаларым мені сағынады, алайда Отан алдындағы борыш пен қызмет- менің кәсібімдегі маңызды ұғымдар. Өйткені, біз еліміздің қоғамдық қауіпсіздігін, оның ішінде өзіміздің балаларымыздың қауіпсіздігін қамтамасыз етеміз», - деп толықтырды полиция капитаны Бейбіт Байзиханов.
Полиция капитанының құжаттамасынан: Полиция капитаны Бейбіт Байзаханов 1985 жылы Шығыс Қазақстан облысында дүниеге келген. Мектепті бітіргеннен кейін Нархоз университетіне "Экономикадағы ақпараттық жүйелер"мамандығына оқуға түседі. Кейін Алматы үздіксіз білім беру университетіне заңгер мамандығына түсіп, полициядағы қызметін бастайды. Бастапқыда Іле ауданының КПБ жедел уәкілі болып жұмыс істеді,кейін аға жедел уәкіл болады. Бүгінгі таңда ол Боралдай кентінің полиция бөлімі бастығы. Үйленген,екі ұлы бар.

Алматы облысы ПД баспасөз қызметі