Алматы облысында төтенше жағдай кезінде лотереялық клуб жұмысын тоқтатпаған

Алматы облысында төтенше жағдай кезінде лотереялық клуб жұмысын тоқтатпаған

Өңірде төтенше жағдай тәртібін сақтамағандар жеке және лауазымды тұлғалар жауапкершілікке тартылды.
Осылайша, Алматы облысының тәртіп сақшылары таң қараңғысын пайдаланып, сағат 4-00 шамасында карантинге жабылған Алматы қаласының аумағына заңсыз өтуге әрекет еткен Іле ауданының 30 жастағы тұрғынын ұстады. Өзімен қатар өзгенің де денсаулығына қауіп төндірген азаматқа қатысты ҚР ӘҚбК 476-бабына сәйкес әкімшілік хаттама толтырылып, сот шешімімен 10 тәулікке қамаққа алынды.
Сонымен қатар, тәртіп сақшылары бір тәулік ішінде төтенше жағдай кезінде қойылған шектеулерге қарамай, кәсібін жүргізіп, жауапсыздық танытқан тұрғындарды жауапқа тарту шараларын қабылдады.
Облыс орталығында лотореялық клуб жұмысын тоқтатпаған 27 жастағы тұрғынға әкімшілік хаттама толтырылды. Сондай-ақ, карантин уақытында сағат 20-00 кейін саудағы тыйым салынса да, полицейлер кәсібін жалғастырудың 6 дерегі әшкереледі.
Өз кезегінде, облыстық полицейлер карантин уақытында тәртіп пен санитарлық талаптарды қатаң сақтауға шақырады. Коронавирус індетінің жаппай таралуының алдын алу мақсатында облыстағы барлық қала-аудандарда санитарлық бекеттердің қойылуына байланысты сақтық шараларына түсіністікпен қарап, талаптарын орындау қажеттілігін ескертеді.

Алматы облысы ПД баспасөз қызметі