Көксу аудандық полиция бөлімінің кезекші бөліміне 73 жастағы жергілікті тұрғын бейтаныс азаматшаға алданып қалғаны туралы арызданған. Күдікті коронавирусқа байланысты жүріп-тұру шектеулерін пайдаланып, зейнеткерге әлеуметтік қызметкер ретінде арзан азық-түлік жеткіземін деп алдап, оның жүз мың теңгесін қолды қылған.
«Біз бір тәулік ішінде күдіктіні ұстадық. Ұсталған азаматшаның Текелі қаласының 50 жастағы тұрғыны екені анықталды. Ол дәлелдерден кейін алаяқтық жасағанын толық мойындады. Оның егде жастағы зейнеткердің сенгіштігі мен ел ішіндегі короновирус кезіндегі ахуалды пайдакүнемдік мақсатта пайдаланғаны белгілі болды. Күдікті қолды қылған ақша соммасын дәл сол күні өз қажеттіліктеріне жұмсаған. Ұсталған азаматшаның бұрын бес рет алаяқтық жасағаны үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылғандығы анықталды. Қазіргі уақытта күдікті жәбірленушіге келтірілген шығынды толық қайтарды, алайда ол оны жауапкершіліктен босатпайды, іс жақын күндері соттың қарауына жіберіледі», - деп хабарлайды Алматы облысы Көксу аудандық полиция бөлімі бастығының орынбасары полиция капитаны Эльдар Метербаев.
Аталған дерек ҚР ҚК 190-бабының 1-бөлігіне сәйкес СДТБТ-да тіркелді.
Алматы облысы ПД баспасөз қызметі