Алматы облысының криминалистері өздерінің кәсіби мерекелерін атап өтті

Алматы облысының криминалистері өздерінің кәсіби мерекелерін атап өтті

Көктемнің алғашқы күнімен ҚР Ішкі істер министрлігінің сараптамалық-криминалистикалық бөлімшелерінің қызметкерлері өздерінің кәсіби мерекелерін атап өтеді.

Қазір ІІМ сараптамалық-криминалистикалық орталығы - сот сараптамаларын жүргізеді, қылмыстарды ашу әдістерін жетілдіреді, криминалистика саласындағы ғылыми ізденістерге қатысады.

Қазіргі уақытта сараптамалық-криминалистикалық қызмет қызметкерлерінсіз тергеу органдарының жұмысын елестету мүмкін емес. Сондықтан сарапшы-криминалисттер күні Алматы облысы Полиция департаментінің бастығы Бауыржан Әленов өз орынбасарларымен бірге Алматы облысы ПД Жедел-криминалистикалық басқармасының қызметкерлерін құттықтап, оларға алғыс хаттар мен грамоталар табыс етті.