Талдықорған ҚПБ Батыс қалалық полиция бөлімінің, облыстық ПД криминалдық полиция басқармасының қызметкерлері мен арнайы мақсаттағы жасақ жауынгерлері жүргізген арнайы операция барысында бөтеннің мүлкін ұрлау деректерінің сериясына күдікті үш азаматтан құралған ұйымдасқан қылмыстық топ ұсталды.
"Бес ай ішінде Талдықорғанда жеке меншік үйлердегі ұрлық деректері тіркеліп отырды. Негізінен ұрылар пластик терезелер арқылы , кей жағдайларды есіктерге кілт таңдау арқылы үйжайларға кірген. Тек бағалы заттарды- алтын, ақша, теледидар, ноутбуктер, телефондар және басқа да мүліктерді қолды қылған", - деп хабарлайды Талдықорған ҚПБ Батыс полиция бөлімі бастығының орынбасары полиция майоры Азамат Мастекбаев.
Полицейлердің назары күдік тудырған қонақүйлердің бірінде бөлме жалдап тұрып жатқан жас азаматтар тобына түскен.Белгіленген бақылау көп ұзамай оң нәтижесін берді.
"Кезекті ұрлық дерегінен кейін ауылдық жерден келген 23, 26 және 27 жастағы күдіктілер ұсталды. Тінту кезінде олардан ұрланған заттардың бір бөлігі және екі тасымалды радиостанция алынды. Ұсталғандар 13 ұрлықты толық мойындады, бірақ олардың басқа өзге де осыған ұқсас ашылмаған қылмыстарға қатыстылығы тексерілуде,тізім әлі де кеңейе түсуі мүмкін",-деп толықтырды майор Мастекбаев.
Сонымен қатар, екі азаматтың өткен жылы осыған ұқсас қылмыстары үшін бас бостандығынан айырылғандығы анықталды. Топты соттылығы өтелмеген ең жас қатысушы басқарған. Оның бастамасы бойынша, ұсталғандар портативті радиобайланысты пайдаланып, рация арқылы қылмыстық топ мүшесі жүргізуші үй иелерінің жақындағанын немесе басқа да қауіпті ескертіп хабарлап отырған.
Күдіктілер ҚР ҚІЖК 128-бабына сәйкес уақытша ұстау оқшаулағышына қамаққа алынды. Сотқа дейінгі тергеу ҚР ҚК 188-бабының 3-бөлігіне сәйкес жүргізіледі. Сот шешіміне дейін автокөлік айғақ зат ретінде тәркіленіп, арнайы тұраққа қойылды.
Алматы облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі