
Қапшағай қалалық полиция бөлімінің полиция қызметкерлері жергілікті Instagram пабликтеріндегі жарияланымдарға талдау жасады. Олардың біріндегі бейнеде автожарыс бастамашылары бірінің жазылушыларды тарту мақсатында елімізде енгізілген төтенше жағдай режимін сақтау туралы Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығын, сондай-ақ бірқатар жол қозғалысы ережелерін өрескел бұзғандығы байқалады.
"Оқиға ағымдағы жылдың 24 наурызында сағат 23.30 шамасында Алматы-Қапшағай тас жолында "БМВ"маркалы екі автокөлік құралдарының қатысуымен орын алған. Көлік жүргізушілері өзара "темір тұлпарларымен" жарысқан. Қазіргі уақытта азаматтардың жеке тұлғалары анықталды, олар Қапшағай қаласының тұрғындары. Аталған дерек бойынша Әкімшілік құқық бұзушылық туралы бірнеше хаттама толтырылды, атап айтқанда ҚР ӘҚБК 476 бабы "Төтенше жағдай режимін бұзу" , 597-бабының 3-бөлігі " Басқа көлік құралдарының жол жүрісіне кедергі келтіруге әкеп соққан, көлік құралдарын жолдың жүру бөлігінде тоқтату немесе тоқтап тұру қағидаларын бұзу" бойынша», - деп хабарлайды Қапшағай ҚПБ бастығы полиция майоры Манат Айтмуханбетов.
Ұсталғандар "атақ қуған" жарыстарының қате болғанын мойындады. Әкімшілік іс жүргізу шешімін қабылдау үшін іс жүргізу жақын арада сотқа жіберілетін болады.
"Біздің міндетіміз - қоғамдық тәртіпті қорғау және азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету. Әсіресе елдегі ерекше және төтенше жағдай кезінде. Қазіргі уақытта біз барлық интернет ресурстарда орналастырылған барлық жарияланымдарға мұқият талдау жүргіземіз. Белгіленген талаптарға қайшы келетін барлық материалдар бойынша заңнамаға сәйкес қатаң шаралар қолданылуда",- деп толықтырды майор Айтмуханбетов.
Алматы облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі