
Ағымдағы жылдың 13-15 ақпан аралығында Алматы облысының аумағында “Борышкер” жедел алдын алу іс-шарасы өткізіледі.
«Іс-шараны өткізу кезінде полиция қызметкерлері мен жеке сот орындаушыларынан тұратын мобильдік топтар құрылды. Олар айыппұл төлеуден жалтарған борышкерлерге аулалық аралау жүргізетін болады», - деді Алматы облысы ПД ӘПБ бастығы Нұржан Үстеміров.
Сонымен қатар, патрульдік полиция қызметкерлері төленбеген айыппұлдары бар автокөлік иелерін тоқтатып, тексереді, көзделген жағдайларда машиналар айып тұрағына қойылады.