Құрметті Алматы облысының тұрғындары!!!

Құрметті Алматы облысының тұрғындары!!!

Алматы облысы Полиция департаменті жанындағы Консультативтік-кеңесші органының құрылатындығын хабарлаймыз. Бұл органның басты мақсаты – облыс тұрғындарының ішкі істер органдарына сенімін арттыру және полиция қызметінің ашықтығын қамтамасыз ете отырып, халыққа жақындату болып табылады.

Егер, Сіз өңірдің қоғамдық өміріне белсене қатысып, құқық қорғау жүйесін жетілдіруге үлес қосқыңыз келсе, Алматы облысы Полиция департаменті жанындағы Консультативтік-кеңесші органының мүшесі болуға шақырамыз!

Аталған органның мүшесі ретінде қабылдануыңыз үшін, Сіз еркін нысандағы өтінішті, өз өмірбаяныңыз немесе резюмеңізді ағымдағы жылдың 9 ақпанына дейін dvd.7su@mail.ru электрондық поштасына жолдауларыңызды сұраймыз.

Құрметпен, Алматы облысы ПД бастығы Бауыржан Төлегенұлы Әленов