«Алматы облысының автокөлік жолдарында жол қозғалыс ережелерінің бұзушылықтарын фото- бейне тіркеу жүйесін енгізу және пайдалану» мемлекеттік-жеке серіктестік жобасына бастамашылық ету туралы хабарлама

«Алматы облысының автокөлік жолдарында жол қозғалыс ережелерінің бұзушылықтарын фото- бейне тіркеу жүйесін енгізу және пайдалану» мемлекеттік-жеке серіктестік жобасына бастамашылық ету туралы хабарлама

«Алматы облысының автокөлік жолдарында жол қозғалыс ережелерінің бұзушылықтарын фото- бейне тіркеу жүйесін енгізу және пайдалану» мемлекеттік-жеке серіктестік жобасына бастамашылық ету туралы хабарлама

 

«Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Алматы облысының Полиция департаменті» ММ 2015 жылғы 25 қарашадағы № 725 «Мемлекеттік-жеке кәсіпкерлік жобаларын жоспарлау және жүзеге асыру ережелерінің» 133-тармағына сәйкес (бұдан әрі - Ережелер) Алматы облысының автокөлік жолдарында жол қозғалыс ережелерінің бұзушылықтарын фото-, бейне тіркеу жүйелерін енгізу және пайдалану және аппараттық-бағдарламалық кешенді және серверлік жабдық пен бағдарламалық жасақтамадан тұратын жол қозғалыс ережелерінің бұзушылықтарын автоматты бақылау радарларының 30 бірлігін жеткізу үшін Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік-жеке серіктестік туралы» 2015 жылғы 31 қазандағы № 379-V Заңы (бұдан әрі – Заң) 44-бабының 1-тармағына сәйкес тікелей келіссөздер жүргізу әдісімен мемлекеттік-жеке серіктестік жобасының әлеуетті жеке серіктестігіне бастамашылық жасау туралы хабарлайды.

Жол қозғалыс ережелерінің бұзушылықтарын фото-, бейне тіркеу ақпараттық жүйесінің басты мәлімденген техникалық көрсеткіштері:

1) Алматы облысындағы автокөлік жолдардағы жиі апат жасалатын және әлеуетті қауіпті учаскелерінде фото-, бейне тіркеу жүйелерін орналастыру;

2) ішкі істер органдарының қолданыстағы процессингті орталықтарымен және ақпараттық жүйелерімен ықпалдастыру;

3) мемлекеттік тіркеу нөмір белгілерін автоматты түрде тану;

4) келесі сипаттағы ЖЖЕ бұзушылықтарын фото- бейне тіркеу үшін автокөлік жолдарының бойында шет жағына немесе бөлгіш жолақтарда кем дегенде 30 бірлік радар орнату:

- рұқсат етілетін жылдамдықты өлшеу диапазоны: 5 км/сағ – 320 км/сағ;

- бір блокпен қозғалыстың 8 жолағына дейін бақылау;

- кем дегенде 20 мегапиксельді сандық камераның рұқсаты;

- 200 метрден жоғары қашықтықта бір уақытта 32 автокөлікке дейін бақылау, камерадан  бірдей қашықтықта және бірдей жылдамдықпен қозғалып келе жатқан КҚ анықтау;

- екі жақта бір блокпен КҚ бір уақытта тіркеу (жақындап келе жатқан және алшақтап келе жатқан көлік құралдарын);

- ЖЖЕ бұзушылықтарды тіркеу: жылдамдықты асыру соның ішінде жолақтар бойынша және КҚ класы бойынша (жеңіл/жүк), тыйым салынған басып озу (оң жақтан басып озу және ҚР ЖЖЕ 3.20, 3.22 белгілерінің әрекеттерін бұзу), қашықтықты сақтамау, тыйым салынған түзуді басып өту (белгіленген жолақтармен өту), қарама-қарсы жолаққа шығу.

Жобаның мақсаттары мен міндеттері– Алматы облысы жолдарындағы қауіпсіздікті және жүргізу мәдениетін арттыру, апатты және ЖКО зардап шегушілердің санын азайту және Алматы облысының автокөлік жолдарындағы жол қозғалыс ережелерінің бұзушылықтарына қарсы әрекет ететін тиімді жүйені құру.

Жобаны жүзеге асыру орны  – Алматы облысы.

Жобаны жүзеге асыру мерзімі:

МЖС Нысанын құру – 18 айға дейін;

МЖС Нысанын пайдалану – 6 жылға дейін.

Инвестицияла сомасы - 2,5 млрд. теңгеден аспайтын мөлшерде жоспарланып отыр.

Шығындарды өтеу және кірістер алудың сұралатын көздері –Заңның 9-бабының 2-тармағына сәйкес.

Жобаның техникалық күрделі немесе бірегей түрлеріне жатуы – жоба техникалық күрделі немесе бірегей болып табылмайды.

Әлеуетті жеке кәсіпкер Заңның 32-бабымен анықталған жалпы біліктілік талаптарға сәйкес болуы тиіс.

Ұлттық экономика министрі м.а. 2015 жылғы 25 қарашадағы № 725 бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік-жеке серіктестік жобаларын жоспарлау және жүзеге асыру ережелерінің 135-тармағына сәйкес МЖС жоспарланып отырған жобаны жүзеге асыруға мүдделі әлеуетті жеке серіктестер хабарламада аталған талаптарға, сонымен қатар осы Ережелердің 130-тармағында аталған жеке серіктесті анықтау бойынша тікелей келіссөздерге қатысуға берген өтінімге сәйкес баламалы ұсыныс жасайды.

            Осы жобаны жүзеге асыруға қызығушылық болған жағдайда «Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Алматы облысының Полиция департаменті» ММ баламалы ұсыныстарды келесі мекенжай бойынша қабылдайды: Алматы облысы, Талдықорған қ., Жансүгіров к-сі №91/95, №106 қызметтік бөлме, жұмыс тел. 8/7282/60-80-50, 8/7282/60-80-88, ұялы тел. 8 (778) 250-85-45,  2020 жылдың 16 сәуірінен кешіктірмей.

Баламалы ұсыныстар осы хабарламаны жариялаған күннен бастап 30 күнтізбелік күн ішінде қабылданады.