Алматы облысының полицейлері азаматтарды қабылдауды уақытша тоқтатты
Короновирустық инфекцияның таралуына қарсы әрекет ету бойынша тиімді шараларды күшейту мақсатында полиция фронт- кеңселерінің жұмысы, сондай-ақ Алматы облысының полиция департаменті мен оның басқармаларыбасшылығының жеке қабылдаулары уақытша тоқтатылды.
Бұрын полиция басшылығымен және аудандық полиция басқармаларының басшыларымен барлық қабылдаулар, кездесулер, әңгімелесулер, диалогтар "face to face "режимінде жүзеге асырылатын, елдегі карантин мен төтенше жағдайға байланысты бұл режим үзілуі тиіс. Алайда азаматтарды қабылдау тәртібі туралы алдын ала хабарланатын болады.
Ағымдағы жылдың 18 наурызынан бастап облыс полиция департаментінің бастығы полиция генерал-майоры Серік Мырзақұлұлы Құдебаевтың , оның орынбасарларының, сондай-ақ аудандық полиция басқармаларының басшыларының азаматтарды қабылдауы "сұрақ-жауап"режимінде электронды форматта жалғасады. Қызығушылық танытқан барлық азаматтар Алматы облысы полиция департаментінің басшылығына электронды Үкімет порталы арқылы http://www.gov.kz/memleket/entities /mvd-alm? немесе Facebook , Instagram, ВКонтакте әлеуметтік желілеріндегі Алматы облыстық полиция департаментінің парақшалары арқылы хабарласа алады.
Өз кезегінде Алматы облысы Полиция департаменті азаматтардың қауіпсіздігі мен денсаулығын сақтау үшін уақытша өзгерістерге түсіністікпен қарауды сұрайды.
Алматы облысы ПД баспасөз қызметі