
Алматы облысының тұрғыны өзінің ас бөлмесінде героин сақтаған
Алматы облысы ПД Есірткі бизнесіне қарсы күрес басқармасының қызметкерлері есірткі сақтағаны және сатқаны үшін, атап айтқанда 0,22 грамм есірткі затын өткізген және тұрғылықты жері бойынша 302,95 грамм, яғни аса ірі көлемдегі героин сақтаған Іле ауданы Боролдай ауылының 25 жастағы тұрғынын ұстады.
«Бізге күдіктінің тыйым салынған есірткі заттарын сақтағаны және өткізгені туралы ақпарат келіп түсті. Жедел іс- шаралар барысында біз алдын ала бақылау сатып алуын жүргіздік. Бұл іс-шара барысында С. есімді азаматтан сарапшылар героин деп таныған 0,22 грамм зат сатып алынды. Аталған шаралардан кейін, соттан тінту үшін алынған санкцияға сәйкес жүргізілген тінту кезінде азамат С-тың асүйінен сот-химиялық сараптамада героин деп танылған заты бар полиэтилен пакет табылып, тәркіленді»-, деп хабарлайды Алматы облысы ПД Есірткі бизнесіне қарсы күрес басқармасының бастығы полиция полковнигі Қазбек Мухамедов.
Күдікті уақытша ұстау оқшаулағышына қамаққа алынды.
Сонымен қатар, «Допинг» жедел-алдын алу шарасының үш күнінде Алматы облысының аумағында есірткі құралдарының заңсыз айналымына байланысты 24 қылмыстық құқық бұзушылық анықталды. Оның қатарындағы үш қылмыс аса ірі көлемде - екеуі есірткі затын өткізу және біреуі сақтау. Есірткі заттарын өткізу және сақтау деректері ҚР ҚК 297-б. 1-б. , 296-б. 4-б. сәйкес СДТБТ-да тіркелген.
Алматы облысы ПД баспасөз қызметі