Алматы облысында жер телімді заңдастырамын деп ауылдастарын сазға отырғызған алаяқ әшкереленді

Алматы облысында жер телімді заңдастырамын деп ауылдастарын сазға отырғызған алаяқ әшкереленді

Алматы облысында жер телімді заңдастырамын деп ауылдастарын сазға отырғызған алаяқ әшкереленді

Іле аудандық полиция басқармасына 34 жастағы Байсерке ауылының тұрғыны 2018 жылдың қыркүйек айында әкесінің танысы өзінің ірі көлемдегі ақша соммасын алаяқтық жолмен иемденгені туралы арызданған. Бұл арыз ҚР ҚК 190-бабының 1- бөлігіне сәйкес СДТБТ-да тіркелген.
«65 жастағы ауылдасы зардап шеккен азаматқа Іле ауданындағы ауылдардың бірінен қажетті құжаттарсыз салынған жылжымайтын мүлікті заңдастыруға уәде берген . Одан осы уәдесін орындау үшін екі миллион теңгеге жуық қаржы алып , ақшаның бір бөлігін жұмсағаны, ал қалған бөлігін жоғалтқандығы туралы түрлі сылтаулармен өзіне алған міндеттемелерді орындаудан жалтарған» - деп хабарлайды Алматы облысы ПД Іле аудандық басқармасының анықтаушысы Данияр Нұрсайынов.
Күдікті бұрын да, яғни 2019 жылы дәл осындай алаяқтық әрекеттері үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылған.
«Осыған орай, азаматтарды осындай қателіктерге бой алдырмауға шақырамыз. Ақшаларыңызды бейтаныс және бөгде адамдарға сеніп тапсырмаңыздар», - деп толықтырды полиция подполковнигі Данияр Нұрсайынов.
Қазіргі уақытта полицияның барлық есепке алу базалары бойынша күдіктінің осыған ұқсас өзге де қылмыстарға қатыстылығы тексерілуде.

Алматы облысы ПД баспасөз қызметі