АЛМАТЫ ОБЛЫСЫНЫҢ ПОЛИЦЕЙЛЕРІ ЕР АДАМДЫ ПЫШАҚТАП ӨЛТІРГЕН КҮДІКТІНІ ҰСТАДЫ

АЛМАТЫ ОБЛЫСЫНЫҢ ПОЛИЦЕЙЛЕРІ ЕР АДАМДЫ ПЫШАҚТАП ӨЛТІРГЕН КҮДІКТІНІ ҰСТАДЫ

Ағымдағы жылдың 1 қаңтарында Қарасай аудандық полиция басқармасында 46 жастағы ер адамды өлтіру дерегі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Масаң күйдегі жанжал кісі өліміне ұласқан .

"Жүргізілген жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижелері бойынша жоғарыда аталған қылмысты жасағаны үшін марқұмның әйелінің 33 жастағы бауыры анықталып, ұсталды. Ол өз кінәсін толық мойындап отыр. Куәгерлердің айтуынша, ішімдік ішу барысында жәбірленуші мен күдіктінің арасында ауызша жанжал туындап, арты төбелеске ұласқан. Нәтижесінде ұсталған адам жәбірленушінің мойнына бірнеше рет пышақ жарақатын салған", - деді ведомство өкілдері.

Аталған дерек ҚР ҚК 99-бабының 1-бөлігі, яғни кісі өлтіру бойынша Қарасай ауданының ПБ-да тіркелді. Қазіргі уақытта аталған азамат УҰО-ға қамаққа алынды.