
2022 жылғы 13 желтоқсанда Алматы облысы прокурорының төрағалығымен құқық қорғау және уәкілетті органдардың қатысуымен Үйлестіру кеңесінің отырысы өтті. Алматы облысы ПД бастығының бастамасымен облыстың автожолдарындағы қауіпсіздікті қамтамасыз ету жағдайы туралы мәселе көтерілді. Қатысушыларға облыстағы жол жағдайы туралы хабарланды және қауіпсіздікті қамтамасыз етудегі өзекті мәселелер талқыланды. Мәселен, жүргізілген талдауға сәйкес облыстың автожолдарында 77 авариялық-қауіпті учаске анықталды, онда 334 ЖКО орын алған.
"Отырыс қорытындысы бойынша біз қауіпсіз қозғалыс үшін жағдай жасауға бағытталған шаралар кешенін ұсындық. Осы мақсатта, ең алдымен, "Жол картасын"кеңірек пайдалана отырып, автожолдардың ең апатты-қауіпті учаскелерін анықтау алдыға қойылды. Тиісті тексерулердің нәтижелері бойынша жол қозғалысы ережелерін бұзуды тіркеу камералары орнатылған жерлерде жол-көлік оқиғаларының саны едәуір азаю байқалады", - деп хабарлады облыстық ведомство.
Полиция департаменті облыс әкімімен бірге "Алматы облысында жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі 2022-2024ж.ж. бағдарламасы" әзірледі және бекітті, ол мүдделі мемлекеттік органдармен және үкіметтік емес сектормен бірлесіп толық көлемде іске асырылатын болады.
Кездесу барысында мүдделі органдарға қойылған міндеттерді іске асыру бойынша бірқатар тапсырмалар берілді.