АЛМАТЫ ОБЛЫСЫНЫҢ АВТОЖОЛДАРЫНА ЖОЛ-КӨЛІК АПАТТАРЫН АЛДЫН-АЛУ МАҚСАТЫНДА ҚОСЫМША КАМЕРАЛАР ОРНАТЫЛДЫ

АЛМАТЫ ОБЛЫСЫНЫҢ АВТОЖОЛДАРЫНА ЖОЛ-КӨЛІК АПАТТАРЫН АЛДЫН-АЛУ МАҚСАТЫНДА ҚОСЫМША КАМЕРАЛАР ОРНАТЫЛДЫ

Алматы облысының полиция қызметкерлері жол-көлік апаттарын алдын-алу мақсатында өңірдің жолдарына жол жүру ережелерін бұзу фактілерін тіркейтін 17 ең жаңа автоматты жүйе құрылғыларын орнатты.

Аталған құрылғылар ағымдағы жылдың қараша айынан бастап келесі автожолдарда: "Талғар - Бәйтерек (Новоалексеевка)", "Есік - Саймасай", Алматы - Жетіген (Николаевка) - Қапшағай су қоймасы", "Ұзынағаш ауылының кіреберісі", "Бірлік - Алмалық - Рысқұлов - Казстрой - Ақбұлақ", "Қаскелен қаласының кіреберісі", "Қапшағай - Бақанас - Қараой", "Алматы1 - Винсовхоз - Шапай" орнатылғанын хабарлаймын.
Сондай-ақ, осыған дейін кейбір автожолдардың учаскелерінде жол - көлік ережелерін бұзу фактілерін автоматты түрде тіркейтін "Сергек" аппараттық-бағдарламалық кешендері орнатылған болатын.