ПОЛИЦИЯ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ ҰРЛАНҒАН ҚАРУ САҚТАЛҒАН ТАҒЫ БІР ОРЫНДЫ ТАПТЫ

ПОЛИЦИЯ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ ҰРЛАНҒАН ҚАРУ САҚТАЛҒАН ТАҒЫ БІР ОРЫНДЫ ТАПТЫ

Ағымдағы жылдың 30 қарашасында Алматы облысы ПД КПБ қызметкерлері мен Алматы облысы бойынша ҰҚКД қызметкерлері жедел іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында қару-жарақ сақталған орын туралы ақпарат келіп түсті.

Аталған дерек ҚР ҚК 287-бабының 3-бөлігі бойынша Іле ауданы полиция басқармасында тіркелді.

Жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында тәртіп сақшылары "Калашников" автоматының 3 бірлігін, "Макаров" жауынгерлік тапаншасын, 2 граната мен 100-ден астам түрлі патрондарды тауып, тәркіледі.