
Қарасай аудандық полиция басқармасының Кезекші бөліміне 41 жастағы азамат "MAN"жүк көлігінен екі аккумуляторды ұрлаған белгісіз тұлғаларға қатысты заңды шаралар қабылдауды сұрап, арызданды. Жәбірленушіге келтірілген залал 186 000 теңгені құраған.
Жедел-іздестіру іс-шарасы барысында полиция қызметкерлері 1990, 1995 және 2001 жылы туған үш күдіктіні әшкереледі.
Аталған факті бойынша Қарасай ауданының ПБ-да ҚР ҚК 188-бабының 3-бөлігі бойынша қылмыстық іс тіркелді. Күдіктілер УҰО-ға қамалды. Қазіргі уақытта ұсталғандардың басқа да осыған ұқсас қылмыстарға қатыстылығы тексерілуде.