
Ағымдағы жылдың 04 қарашасында Алматы облысы ПД ҰҚҚКБ қызметкерлері 1989,1990 және 1997 жылғы үш ер адамды ұстады . Олардан 100 келіден астам ақбөкен мүйізі табылды.
"Жедел жұмыс барысында ұсталғандардан 953 бірлік көлемінде 100 келіден астам ақбөкен мүйізі тәркіленді. Оларға қатысты ҚК-нің 339-бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды", - деп хабарлады ведомство өкілдері.