АЛМАТЫ ОБЛЫСЫНЫҢ ПОЛИЦЕЙЛЕРІ ҚЫСҚЫ КИІМ ҮЛГІСІНЕ КӨШУДІ ЖҮРГІЗДІ

АЛМАТЫ ОБЛЫСЫНЫҢ ПОЛИЦЕЙЛЕРІ  ҚЫСҚЫ КИІМ ҮЛГІСІНЕ КӨШУДІ ЖҮРГІЗДІ

Алматы облысы Полиция департаменті қызметкерлерінің қызметтік міндеттерін орындаудағы үлгілі сыртқы келбеті мен жауынгерлік дайындығын қолдау мақсатында біздің өңірдегі климаттық жағдайларды ескере отырып, қысқы киім нысанына көшу үшін жеке құрамның саптық байқауы өткізілді.

"Саптық байқау барысында полиция қызметкерлерінде нысанды киім - кешек пен жетондардың болуы мен жай-күйі, қызметтік куәліктердің сәйкестігі, жеке құрамның сыртқы келбеті, көлік құралдары, сондай-ақ саптық дағдылары тексерілді", - деді Алматы облысы ПД АЖДБ бастығы, полиция подполковнигі Берік Нұрғалиев.

Қызметкерлер саптық байқауға жауапкершілікпен қарайды, барлығы нысанды және арнайы киім кию ережелерінің талаптарына сәйкес киінген.