Алматы облысы Қонаев ҚПБ кезекші бөліміне көп пәтерлі үйлердің бірінде жергілікті тұрғын қоғамдық тәртіп пен тыныштықты бұзғаны туралы хабарлама келіп түсті. Оқиға орнына "Бүркіт-258"патрульдік полиция жасағы жіберілді. Аталған орынға жеткен полиция қызметкерлері фактіні растады. Қазіргі уақытта "С" есімді азаматқа қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 437, 667 және 434-баптары бойынша әкімшілік хаттамалар толтырылды.
Полиция қызметкерінің заңды талабына бағынбағаны үшін сот тәртіп бұзушыны 8 тәулікке әкімшілік қамауға алды. Қазіргі уақытта құқық бұзушы Қонаев қаласының уақытша ұстау оқшаулағышында.