Үлкен Алматы айналма автомобиль жолы (ҮАААЖ) құрылысының концессиялық жобасы аясында 18.08.2022 жылы Қырғауылды кентінде орналасқан жол айрығы ашылды.
"Аталған жол айрықта 5 бағытқа шығатын съезд бар: Алматы қ., Ұзынағаш ауылы, Қырғауылды , Раймыбек кенті және тікелей ҮАААЖ-ға съезд. Мердігер ұйым айналма жол аумағын абаттандыру бойынша кешенді жұмыстар жүргізді, атап айтқанда, 60-қа жуық жол белгілері, 3 жаяу жүргіншілер өткелі орнатылып, жарықтандыру, іргелес аумақты көгалдандыру жұмыстары жүргізілді . Сонымен қатар, барлық бағыттар бойынша тротуарлар салынды”,-деп хабарлады Алматы облысы ПД ӘПБ бастығы, полиция полковнигі Нұрлан Ысқақов.
Айта кетейік, жол айрық құрылысы ағымдағы жылдың 02 мамырында басталған. Мердігер ұйым құрылысты белгіленген мерзімінен бұрын аяқтады.