АЛМАТЫ ОБЛЫСЫНДА «АБАЙЛАҢЫЗ - БАЛАЛАР!» ЖЕДЕЛ-АЛДЫН АЛУ ІС-ШАРАСЫНЫҢ БАСТАЛДЫ.

АЛМАТЫ ОБЛЫСЫНДА «АБАЙЛАҢЫЗ - БАЛАЛАР!» ЖЕДЕЛ-АЛДЫН АЛУ ІС-ШАРАСЫНЫҢ БАСТАЛДЫ.

Бүгін, 22 тамыз күні Алматы облысында «Абайлаңыз - балалар!» жедел-профилактикалық іс-шарасының дайындық кезеңі басталды. Акция жаңа оқу жылының қарсаңында өткізіледі. Статистика бойынша, бұл уақытта оқушылардың қатысуымен болатын жол-көлік оқиғаларының саны күрт өседі. Демалыс кезінде олар көлікпен байланысты қауіп-қатерден сақтану дағдыларын ұмытып қалады.
«Дайындық кезеңін өткізудегі мақсаттардың бірі балалар шоғырланатын орындарда жол қауіпсіздігі инфрақұрылымын бағалау болып табылады. Осы кезеңде жол және коммуналдық қызметтер өкілдерімен бірлесіп, көше-жол желілерінің және жалпы білім беретін, мектепке дейінгі мекемелер, қосымша білім беретін балалар ұйымдарының және олардың аумағына жақын орналасқан орындарда жол қозғалысын ұйымдастырудың техникалық құралдарын пайдалану жай-күйіне тексеру жүргізіледі», - деді Алматы облысы ПД ЖПҚБ бастығы, полиция полковнигі Серік Шумаев.
Жедел алдын алу іс-шараларының негізгі кезеңі аясында 1-12 қыркүйек аралығында ювеналды және әкімшілік полиция қызметкерлері профилактикалық акциялар, сабақтар, дәрістер, семинарлар мен тренингтер өткізуді жоспарлап отыр. Сондай-ақ балалар мен ата-аналарға арналған конкурстар, жол қозғалысы ережелерін бұзудың жолын кесу бойынша рейдтік іс-шаралар жүргізілетін болады.

Алматы облысы ПД баспасөз қызметі