ТАЛДЫҚОРҒАН ҚАЛАСЫНЫҢ МАҢЫНДА ПОЛИЦЕЙЛЕР АУЫР ЕСІРТКІНІҢ ІРІ ПАРТИЯСЫ БАР КҮДІКТІНІ ҰСТАДЫ

ТАЛДЫҚОРҒАН ҚАЛАСЫНЫҢ МАҢЫНДА ПОЛИЦЕЙЛЕР АУЫР ЕСІРТКІНІҢ ІРІ ПАРТИЯСЫ БАР КҮДІКТІНІ ҰСТАДЫ

Талдықорған қаласының маңында Алматы облысы ДП Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері ШҚО полиция қызметкерлерімен бірлесе отырып ауыр есірткінің ірі партиясын тасымалдаған ер адамды ұстады.
17 шілде күні «Алматы-Өскемен» тас жолында полиция қызметкерлері Ескелді ауданының 24 жастағы тұрғыны басқарған «Daewoo Lacetti» көлігін тоқтатты. Тәртіп сақшылары көлікті тексеру барысында синтетикалық есірткіге жататын төрт полиэтилен пакетке салынған 2 кг мефедронды тапты.
«Қазіргі таңда көліктің 24 жастағы жүргізушісі уақытша ұстау изоляторына қамаққа алынды. Аталған дерек бойынша ҚР ҚК 296-бабы 4-бөлігі (Аса ірі мөлшердегі есiрткi, психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатынсыз заңсыз дайындау, қайта өңдеу, иемдену, сақтау, тасымалдау) бойынша қылмыстық іс қозғалды» - деп хабарлады Алматы облысы ПД ЕҚҚІҚБ бастығы, полиция полковнигі Казбек Мухамедов.


Алматы облысы ПД Баспасөз қызметі.