Қарасай ауданында маскүнем екі жігіттің бас қосуы өлімге әкеп соқтырды. Екеуі де «Алтын Орда» базарында орналасқан заңсыз еңбек биржасында кездейсоқ табыспен күн көргені анықталды. Кісі өлтіру дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды.
2 шілдеде Алматы-Бішкек тас жолының 18 шақырымында 35 жастағы жергілікті тұрғынның мәйіті зорлық-зомбылық белгісімен табылды.
«Жәбірленуші екі пышақ жарақатымен табылды. Оқиға орнынан қылмыс құралы табылды, болжам бойынша, сол соққылар өлімге әкеліп соқтырды. Полицейлер күдікті дереу анықталды. Жәбірленуші жергілікті базарда жұмысшы болып жүрген 40 жастағы Қызылорда облысының тумасы болып шықты. Бүгінгі танда күдікті ұсталып, қамауға алынды», - деп хабарлады Алматы облысы ПД баспасөз қызметі.
Полицейлердің хабарлауынша, қылмыс мас күйінде ер адамдар арасындағы болған жанжал кезінде жасалған. Аталған дерек бойынша тергеу ҚР ҚК 99-бабы (Кісі өлтіру) бойынша жүргізілуде.
Алматы облысы ПД Баспасөз қызметі.