АЛМАТЫ ОБЛЫСЫНДА ЖОЛ АПАТЫ ОРНЫНАН ҚАШЫП КЕТКЕН 22-ЖАСТАҒЫ КҮДІКТІ ҰСТАЛДЫ

АЛМАТЫ ОБЛЫСЫНДА ЖОЛ АПАТЫ ОРНЫНАН ҚАШЫП КЕТКЕН 22-ЖАСТАҒЫ КҮДІКТІ ҰСТАЛДЫ

Қарасай ауданында 7 шілдеге қараған түні белгісіз көліктің дөңгелегінің астында 70 жастағы әйел қаза тапты. Жедел-іздестіру шаралары барысында тәртіп сақшылары жол-көлік оқиғасы орнынан қашып кеткен жүргізушіні анықтады, күдікті көрші ауданның 22-жастағы тұрғыны болып шықты.
«Алматы-Жандосов» тас жолының 36-шақырымында жаяу жүргіншімен соқтығысқан оқиға өліммен аяқталды. Оқиға орнында криминалистер «Mercedes-Benz» автокөлігінің бамперінің сынығын тапты. Бейнебақылау камералары арқылы жасырын көліктің мемлекеттік нөмірі анықталып, ол көрші Жамбыл ауданынан келген 22 жастағы Қарғалы ауылының тұрғынына тиесілі екені белгілі болды. Жүргізуші соқтығыс кезінде сынған көліктің алдыңғы әйнегін ауыстырып үлгергенімен, зақымданған бамперді жөндей алмаған. Қазір автокөлік қажетті сараптамадан өту үшін арнайы тұраққа қойылды», - деп хабарлады Алматы облысы ПД Баспасөз қызметі.
Аталған дерек бойынша қылмыстық заңнаманың «Көлiк құралын басқаратын адамдардың абайсызда адам өлiмiне әкеп соққан жол қозғалысы немесе көлiк құралын пайдалану ережелерiн бұзуы» және «Жол-көлік оқиғасы болған жерден кету» деген екі бап бойынша тергеу жүргізілуде.


Алматы облысы ПД Баспасөз қызметі.