ПОЛИЦИЯ САҚШЫЛАРЫ «АЛТЫН ОРДА» БАЗАРЫНДАҒЫ ТӨБЕЛЕСТЕН ҚАЗА БОЛҒАН КҮДІКТІНІ ҰСТАДЫ.

ПОЛИЦИЯ САҚШЫЛАРЫ «АЛТЫН ОРДА» БАЗАРЫНДАҒЫ ТӨБЕЛЕСТЕН ҚАЗА БОЛҒАН КҮДІКТІНІ ҰСТАДЫ.

«Алтын Ордада» болған төбелестен зардап шеккен 23 жастағы ер адам көз жұмды. Соңғы бірнеше күнде ол Алматылық ауруханалардың бірінде комада болды. Маусым айының ортасында әлеуметтік желілерде екі жігіттің тартысының видеосы пайда болды. Кадрларда бір жас жігіттің екінші жігітті киімінен ұстап қалуға тырысып, ұрланған телефонды қайтаруды сұраған сәті бейнеленген. Нәтижесінде, қарсыласына екі рет соққы беріп, күдікті оқиға орнынан қашып кетті. Облыстық денсаулық сақтау басқармасының хабарлауынша, 20 маусымда науқас Алматы көпсалалы клиникалық ауруханасына түсіп, 8 шілде күні таңертең қайтыс болды.
«Жүргізілген жедел-іздестіру шаралары барысында полицейлер Жамбыл облысының тумасы болып табылатын 28 жастағы күдіктіні анықтады. Қазір танда күдікті Қарасай аудандық полиция басқармасының Уақытша ұстау изоляторына қамаққа алынды. ҚР 192-бабының 1-тармағына қатысты қылмыстық тергеу жүргізілуде (Абайсызда жәбірленушінің өліміне әкеп соқтырған қарақшылық)», - деп хабарлады Алматы облысы ПД бастығының орынбасары, полиция подполковнигі Ельдар Әбдікенов.
Тәртіп сақшыларының айтуынша, ер адам көрші өңірде жасырынып жүрген, күдіктіні Алматы облысының жедел қызметкерлері ұстаған. Бүгінгі таңда барлық қажетті тергеу әрекеттері жүргізілуде, нәтижесінде қысқа мерзімде процессуалдық шешім қабылданатын болады.
Алматы облысы ПД Баспасөз қызметі.