9 шілдеде Ұйғыр ауданының полиция бөліміне кәмелетке толмаған екі қыздың ата-аналарынан арыздар келіп түсті. Өтініш берушілер Шонжы ауылының қоғамдық дәретханаларының бірінде қыздарына (екеуі де 17 жаста) шабуыл жасап, зорламақ болған белгісіз адамға шара қолдануды талап етті.
Бүгінгі танда күдікті ұсталып, полиция бөліміне жеткізілді. Екі дерек бойынша ұсталған күдіктіге қатысты ҚР ҚК-нің 24-бабының 3-бөлігі, 120-бабының 2-3 бөлігі (зорлауға оқталу) бойынша қылмыстық іс қозғалды.
Полиция қызметкерлері жедел-іздестіру шараларын ұйымдастырып, 31 жастағы жергілікті тұрғынды ұстады. Ер адам ақыл-ой кемістігінен зардап шегіп, мүгедектігі бар және психоневрологиялық диспансерде есепте тұрғаны анықталды. Түпкілікті процессуалдық шешім, факті бойынша тағайындалған арнайы психиатриялық сараптаманың қорытындысы негізінде қабылданатын болады.
Алматы облысы ПД Баспасөз қызметі.