ПОЛИЦИЯ ІЛЕ АУДАНЫНДАҒЫ ҚАҚТЫҒЫСҚА ҚАТЫСТЫ ТҮСІНІКТЕМЕ БЕРДІ

ПОЛИЦИЯ ІЛЕ АУДАНЫНДАҒЫ ҚАҚТЫҒЫСҚА ҚАТЫСТЫ ТҮСІНІКТЕМЕ БЕРДІ

3 маусым күні Іле ауданында "Тілектес" саяжай қоғамының бір топ тұрғыны еңбек мигранттарының әрекеттеріне наразылық білдірді.
Хабарламада айтылғандай, шетелдіктердің бірі құрылыс алаңының жанынан өтіп бара жатқан жасөспірімге тиісті деген болжам бар.
Қазіргі уақытта құқық қорғау органдары ауыл тұрғындары көрсеткен деректі тексеріп жатыр, ол бойынша қолданыстағы заңнамаға сәйкес шаралар қабылданатын болады.
Учаскелік полиция инспекторлары көші-қон қызметкерлерімен бірге көрші республика азаматтарының барлық қажетті құжаттарын тексерді.
Көрсетілген жанжал бойынша объективті, заңды шешім қабылдау үшін тараптардың барлық дәлелдері қарастырылады.
Саяжай алабының тұрғындарымен прокуратура қызметкерлерінің қатысуымен қоғамдық тәртіпті бұзуға жол бермеу туралы кездесу ұйымдастырылды.
Баршаңызды тек ресми ақпарат көздерінен алынған ақпаратқа сеніп, арандатушылыққа бой алдырмауды сұраймыз.


Алматы облысы ПД баспасөз қызметі