АЛМАТЫ ОБЛЫСЫНЫҢ ПОЛИЦИЯ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ ЭЛЕКТРОНДЫҚ ҮКІМЕТ ПОРТАЛЫ АРҚЫЛЫ АЗАМАТТЫҚ ҚАРУДЫ САТЫП АЛУ ТУРАЛЫ АҚПАРАТПЕН БӨЛІСТІ

АЛМАТЫ ОБЛЫСЫНЫҢ ПОЛИЦИЯ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ ЭЛЕКТРОНДЫҚ ҮКІМЕТ ПОРТАЛЫ АРҚЫЛЫ АЗАМАТТЫҚ ҚАРУДЫ САТЫП АЛУ ТУРАЛЫ АҚПАРАТПЕН БӨЛІСТІ

Алматы облысы ПД Әкімшілік полиция басқармасы азаматтық және қызметтік қару айналымын бақылау тобының қызметкерлері азаматтық қаруды сақтауға және алып жүруге рұқсат алу туралы ақпаратпен бөлісті. Ол үшін қазір үйден шығудың қажеті жоқ. Барлық қажетті анықтамалар мен құжаттарды "Е лицензиялау"электронды порталы арқылы жібере аласыз.
Ағымдағы жылдың өткен кезеңінде Алматы облысы ПД ӘПБ азаматтық және қызметтік қару айналымын бақылау бөлімшелері " Е лицензиялау" электрондық порталы арқылы жеке және заңды тұлғаларға азаматтық қаруды сатып алуға 350 өтініш, азаматтық қаруды сақтау, алып жүру құқығына 655 өтініш, сондай-ақ қызметтік қаруды сатып алуға 5 өтініш және қызметтік қаруды сақтау және алып жүру құқығына 44 өтініш", барлығы 1290 Мемлекеттік қызмет көрсетті, - Алматы облысы ПД ӘПБ АҚҚАББ аға инспекторы, полиция подполковнигі Жәнібек Шамырханов атап өтті.
Сонымен қатар, жыл басынан бері 236 азаматқа рұқсат беруден дәлелді бас тарту берілді.
Осыған байланысты, азаматтық қаруы бар Алматы облысының тұрғындары қару тіркелген жердегі полиция бөліміне электронды құжаттарды ҚР ІІМ-нің "Азаматтық және қызметтік қару айналымы саласында мемлекеттік қызмет көрсету ережесі" бұйрығына сәйкес қару иесі қаруды сақтауға немесе алып жүруге рұқсаттың қолданылу мерзімі аяқталғанға дейін "Е-лицензиялау" электрондық үкімет веб-порталы арқылы бере алады (www.egov.kz).