АЛМАТЫ ОБЛЫСЫНЫҢ ПОЛИЦИЯ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ СТУДЕНТТЕРМЕН КЕЗДЕСУ ҰЙЫМДАСТЫРДЫ

АЛМАТЫ ОБЛЫСЫНЫҢ ПОЛИЦИЯ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ СТУДЕНТТЕРМЕН КЕЗДЕСУ ҰЙЫМДАСТЫРДЫ

2022 жылдың 11 ақпанында Алматы облысы Полиция департаменті Кадр саясаты басқармасының қызметкерлері І. Жансүгіров атындағы Жетісу университетінің 3-4 курс студенттерімен жұмыс кездесуін өткізді.
«Бұл кездесудің мақсаты-жас студенттерге жоғары оқу орнын бітіргеннен кейін жұмыс орындарын ұсыну, жұмыс жағдайымен таныстыру. Сондай-ақ, жылдам қимылдайтын арнайы жасағының бөлімшелеріне жұмысқа орналасу мүмкіндігі туралы айтып, болашақ түлектерге ЖҚАЖ бөлімшелеріндегі жұмыстың қыр-сыры, маңыздылығы және жауапкершілігі туралы егжей-тегжейлі түсіндірді», - деді Алматы облысы КСБ бастығы, полиция подполковнигі Талант Жұмабек.
Кездесу барысында құқық қорғау органдарының қызметкерлері ІІО-дағы жұмыс бойынша, қызметке кіру тәртібі туралы студенттерді қызықтыратын барлық сұрақтарға жауап берді.


Алматы облысы ПД Баспасөз қызметі